USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Ван Цзинь Чжен: EXPO 2017 – энергияның жаңа түрлерін дамытудың берік негізі

Ван Цзинь Чжен: EXPO 2017 – энергияның жаңа түрлерін дамытудың берік негізі

Астанадағы EXPO 2017 көрмесі өте сәтті өтті.

Көрмені ұйымдастыру тәжірибесін келесі өткізуші ел зерттейтін болады. Бұл туралы «Astana EXPO 2017» көрмесіндегі Қытай павильонының ұлттық комиссары Ван Цзинь Чжен біздің телеарнаға берген сұхбатында атап айтты.

Ван Цзинь Чжен, «Astana EXPO 2017» көрмесіндегі Қытай павильонының ұлттық комиссары:

- Астана EXPO 2017 – энергияның жаңа түрлерін болашақта дамытудың берік негізі. Оның креативті идеялары болашақта осы іспеттес шараларда терең зерттеледі. Көрме бүкіл әлем үшін олардың мүмкіндігін паш ететін платформа болды. Оған 100-ден астам ел қатысып, 3,5 млн-ға жуық саяхатшы келді. Астана оларға «Болашақтың энергиясының» не екенін көрсете алды. Саяхатшылар қарқынды өсіп-өркендеп келе жатқан Қазақстанның астанасынан керемет әсер алды. Бұл табысқа жетелейтін жаңа қала.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде