USD 340.98

EUR 394.60

РУБ 5.34

Асиф Хан: EXPO 2017 – жаңа диалог бастаудың айрықша алаңы

Асиф Хан: EXPO 2017 – жаңа диалог бастаудың айрықша алаңы

Астанадағы ЭКСПО 2017 көрмесі өтіп бара жатқан жылдағы әлемдік оқиғалардың бірі болды.

Бұл белгілі сәулетші, Ұлыбритания павильонының бас дизайнері Асиф Ханның пікірі. Елордада болып, халықаралық шараға қатысқан ол қазақстандықтарды алдағы жаңа жылмен құттықтады.

Асиф Хан, EXPO 2017 Ұлыбритания павильонының бас дизайнері:

- Өтіп бара жатқан жылдың ең керемет сәттерінің бірі Астанадағы ЭКСПО 2017 көрмесі дер едім. Сәулет өнері және болашаққа бағдар тұрғысында оны бітімі бөлек шара деуге болады. EXPO 2017 жаңа диалог бастаудың айрықша алаңы және бұл барлық мемлекет үшін ортақ тіл табысып, жаңа мүмкіндіктерге бірге қол жеткізу үшін өте маңызды. Мен Қазақстан халқының қонақжайлығы мен ыстық құшағына тәнті болдым. Баршаңызға жаңа жылда бақыт тілеймін!

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде