EXPO көрмесінде таныстырылған технологиялар Астанада қолданылады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

EXPO көрмесінде таныстырылған технологиялар Астанада қолданылады

  • 938
EXPO көрмесінде таныстырылған технологиялар Астанада қолданылады Фото: Keddr.com

Астана әкімдігі EXPO көрмесінде таныстырылған 9 елдің 16 жобасын бас қалада қолданысқа енгізуге таңдап алған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Энергия үнемдеу туралы мәселелер Астана әкімдігінің басты назарында. «Жылу ағындарын басқару» бағдарламасын жобалау басталды және 2017 жылы «Ақылды жарық» бағдарламасы іске қосылды.

МЖӘ тетігі есебінен және американдық ТҰК қатысуымен «ақылды» интернет құра отырып, шетелдік инвестицияларды тарту арқылы 30 мыңнан астам шамды ауыстыру жоспарлануда. Бұл электр энергиясын тұтынуды екі есеге төмендетеді немесе жылына 600 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді

«2017 жылы «Бәйтерек», «Жаңажол» және «Тұран» қосалқы станциясын салу іске қосылған, олар жаңа темір жол вокзалын, Достық ауылын, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын, Назарбаев Университетін, EXPO аумағын, театр, Ботаникалық бақты, қалалық сотты, «Жасыл орам» ТК, апатты жағдайдағы үйлерді сүру бағдарламасы бойынша салынған үйлерді, «Батығай» ауданын, бірқатар әлеуметтік нысандарды электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр», – деп хабарлады Астана әкімдігі.

Сондай-ақ қалалық биліктің ақпараты бойынша «Әуежай – Сол жағалау», Астананың жаңа коммуналдық базары жобаларын іске асыру бойынша энергиямен жабдықтау, «Қазбек» және «Самал» қосалқы станциясын салу жүреді.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде