«Қазпошта» автокөлік паркін жаңартты

Қытай, Ресей және Еуропа елдеріне сәлемдемені дер кезінде жеткізіп, сапалы қызмет көрсету мақсатында Қазпошта автопаркін жаңалауға кіріскен. Логистикалық оператордың таңдауы алыс сапарға арналған озық үлгідегі көліктерге түсіп отыр. Отандық «КамАЗ Инжиниринг» компаниясымен келісім-шарт жасаған Қазпошта биыл 50 тасымал көлігін алдырмақ. 

Бүгінде Қазпоштаның паркінде 2 мыңнан астам көлік тіркелген. Жеңіл көліктен бастап, пошталық вагон, автобус, арнайы техниканың сан алуан түрі бар. 2026 жылға дейін Ұлттық пошта операторы автопаркін 80%-ке жаңартпақ. Былтыр компания 200 көлікті су жаңасына алмастырған. Сондағы мақсат:

Жанбота Бөкенов, «Қазпошта» АҚ желіні басқару жөніндегі басқарушы директоры:

- 2020 жылда көлік ауыстырған болатынбыз. 26-жылға дейінгі стратегиямыз бойынша жыл сайын автопаркімізді жаңартуға біз тырысамыз. Ең бірінші мәселе сапаны жақсарту, одан кейін жұмыс орыны дейміз, жүргізушілердің жағдайын жақсарту, содан кейінгі халықпен жұмыс істегеннен кейін сәлемдемелерді уақытылы, сапалы жеткізу мәселесі.

«Қазпошта» автопаркі сәуір айының соңына дейін 26 ауыр жүк таситын «КамАЗ»-дармен толықтырылады. Бүгін компания оның 10 бірлігін қабылдады.

Сергей Кистин, «КамАЗ Инжиниринг» АҚ бас директоры:

- Бұл көліктің артықшылығы сол - ол  Камаз желісінің озық үлгісі саналады. Магистральді тартқыш саналатын көлік халықаралық тасымалға арналған. Көліктің жабдықталуына қарасақ, Мерседес, Вольво, Сканиа сынды көліктердің аналогы екенін көреміз. Яғни солардан артық болмаса, кем түспейді. КамАЗ инжинириг үшін бұл жаңа өнім.

Магистральді жолдарда жүйткитін КамАЗ-дың жаңа үлгісі Еуро-5 стандартына сай келеді. Сол себепті Қазпошта сәлемдемелерді еш қиналмастан Қытай, Ресей, Еуропамен екі арада тасымалдай алады.

Бақыт Топтаева, Ержан Рахманберді