Жамбыл облысында 10 мың тұрғынға тегін заңгерлік көмек көрсетілген

Жамбыл облысында 10 мың тұрғынға тегін заңгерлік көмек көрсетілген

Жамбыл облысында биыл 10 мың тұрғынға тегін заңгерлік көмек көрсетілген.

Аймаққа жұмыс сапармен барған Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков құқықтық кеңес әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулілерге тегін берілгенін айтады. Тұрғындармен кездесуде некені тіркеу мерзімі 15 күнге дейін қысқарғаны айтылды. Тағы бір жаңашылдық, енді «Электрондық үкімет» және «eGovmobile» порталы арқылы туу, неке және қайтыс болу туралы куәлікті электронды түрде алуға болады. Жиында жаңа жылдан бастап қолданысқа енетін Конституциялық Соттың тиімділігі түсіндірілді. Басқосудан соң вице-министр облыс тұрғындарын қабылдап мәселелерін назарға алды.

Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет вице-министрі:

- Конституциялық сот бойынша 2023 жылдан бастап жұмысқа енетін болады. Ол конституция бойынша кез келген азаматтың сұрақтары болса, жауап беріп көмектесуге тиіс. Жаңа гос орган. + Қазір сондай конституциялық сұрақтарды тек президентке немесе депутаттарға ғана жауап беретін болса. Бұл ұжым тек қана халыққа жұмыс жасайды.