Костенко шахтасындағы апатқа кінәлі күдіктілердің аты аталды

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Костенко шахтасындағы апатқа кінәлі делінген күдіктілердің атын атады.

Оның айтуынша, АрселлорМиттал Теміртаудың бас директоры Яблонский, Ұжым жөніндегі директор Винокурова, Көмір департаментінің атқарушы директоры Белый, оның орынбасары Огай және тағы басқа басшылар бар. Жалпы 28 адам күдікке ілінген. Қазір қайғылы жағдайға қатысты тиісті материалдар тергеу органдарына тапсырылған. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.  Содан кейін ғана сот олардың кінәсін нақты анықтайды.

Еске сала кетсек, 28 қазанда АрселорМиттал Теміртаудың Костенко көмір шахтасында жарылыс болып, салдарынан 46 адам қаза тауып, 28 кенші жарақат алған болатын.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Бұл қарапайым қызметкерлер емес. Бұл – инженерлік-техникалық ұжым. Олар осы жұмысқа жауапты. Біз Үкіметтік комиссияның тексеруі нәтижесінде 28 адамды анықтады. Бұл – жауапты басшылар. Материалдар  құқық қорғау органдарына жолданды.