Шымкентте еріктілер марапат алды

Шымкентте еріктілер марапат алды

Шымкентте «Жүректен жүрекке» акциясына белсене қатысқан этнос өкілдері марапатталды.

Еріктілер су тасқыны кезінде аянбай еңбек етіп, апат салдарын жоюға атсалысты. Қазақстан Халқы ассамблеясының бастамасымен құрылған арнайы бекеттерде гуманитарлық керуенін жөнелтуге көмектесті. 120 мың тонна көрпе-төсек, киім-кешек, азық-түлік пен құтқару құрал-жабдығы жиналды. Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, есепшотқа 200 миллион теңге түскен. Бизнес өкілдері мен түрлі ұйым қызметкерлері, волонтерлар мен қарапайым тұрғындар арасынан 12 адам алғыс хатқа ие болды.

Тимур Пак, қалалық корей этномәдени бірлестігінің өкілі:

- Біз де Корей этномәдени бірлестігі барлығымыз жұмыла батыс жақа қор жинап, жібердік. Алдағы уақытта осы Қазақстанымызда тек жақсылық болсын дегім келеді. Табиғи және басқа да апаттар болмасын дегім келеді.