71 жастағы қарт арманына қол жеткізу үшін емтиханға дайындалып жүр - Қазақстан жаңалықтары, соңғы жаңалықтар, фото, онлайн, видео, 24 KZ

KZ  RU  

              

KASE

USD/KZT
336.48
EUR/KZT
378
РУБ/KZT
5.04

71 жастағы қарт арманына қол жеткізу үшін емтиханға дайындалып жүр

71 жастағы қарт арманына қол жеткізу үшін емтиханға дайындалып жүр Haber7.com

Түркияның солтүстік-батысындағы Сакарья провинциясының Хендек ауданының 71 жастағы тұрғыны Себахаддин Түйсүз колледждердің бірінде дін факультетінің күндізгі бөліміне түсу үшін емтихандарға дайындалып жатыр.

Бұл туралы Haber7.com хабарлайды. 71 жастағы қарт жастық шағында материалдық қиындық көргендіктен, оқуын тәмамдай алмаған. 1977 жылы Ыстамбұлдың Карталында Құран курсын аяқтаған ол 2001 жылы бастауыш сыныпты тәмамдағаны туралы куәлік те алған. Қазір ол үйінде күні кешке сабақ оқып, мешітте Құран, кофеханаларда газет оқып, күндерін өткізеді екен.

Ыстамбұлда 32 жасында Құран курсын, 56 жасында бастауыш сынып куәлігін алған Себахаддин атай: «Орта сыныптарды жақсы оқып, куәлік алып шықтым. Енді колледжді де жақсы оқып, тәмамдасам деймін. Егер оқи алсам, университетке де түскім келеді», - дейді.

Дайындаған: Жақтай Ә.

 Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
Loading...

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар

Көп оқылғандар

  1. бүгін
  2. бір аптада
  3. бір айда

ТОП БЕЙНЕ

Фоторепортаж

                                                                                                                          



 

   Яндекс.Метрика

«24 KZ» - тәулік бойы ақпарат тарататын арна. Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде гиперсілтеме берілуі керек. www.24.kz

Design by TV Channel «24 KZ» 2015