Германияда босқын жанып жатқан ұшақтан жолаушыларды аман алып қалды (бейне) - Қазақстан жаңалықтары, соңғы жаңалықтар, фото, онлайн, видео, 24 KZ

KZ  RU  

              

KASE

USD/KZT
335.61
EUR/KZT
375.25
РУБ/KZT
5.10

Германияда босқын жанып жатқан ұшақтан жолаушыларды аман алып қалды (бейне)

Германияда босқын жанып жатқан ұшақтан жолаушыларды аман алып қалды (бейне) www.telegraph.co.uk

Германиядағы босқындар лагерінде тұратын Ирак азаматы апатқа ұшырап, жанып жатқан жеке ұшақтағы жоларшыларға көмектесіп, аман алып қалды.

Бұл туралы russian.rt сайты жазды. Ол уақытта 34 жастағы Хассаниен Салман үйінде болған. Қатты естілген дыбыстан далаға шығып, босқындар лагерінен 200 метр қашықтықта ұшақтың апатқа ұшырағанын көрген. Бұрын мал дәрігері болған ол ойланбастан оқиға орнына, ұшақ сынықтары шашылып жатқан жерге барған.

Ұшақта 4 адам болған. Оның екеуі жеңіл жарақаттанған, сондықтан өз еріктерімен ұшақтан шыққан. Ал қалған екеуінің жағдайы ауыр болыпты. Салман бензиннің иісін сезген, ұшақтың жалындап жанып келе жатқанын байқаған. Ол басқа босқындармен бірге жалынның бағытын өзгертіп, ұшақ кабинасына барып, жараланғандарды шығарып алды. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенше Салман жарақат алғандардың біреуіне көмектескен. Кейін жараланғандарды келген дәрігерлерге тапсырған. Оқиға орнына жеткен полиция өкілі Салманның әрекеті ерлік екендігін айтты.

Дайындаған: Бимаханова Гүлзира

 Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Бейне

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар

Көп оқылғандар

  1. бүгін
  2. бір аптада
  3. бір айда

ТОП БЕЙНЕ

Фоторепортаж

                                                                                                                          



 

   Яндекс.Метрика

«24 KZ» - тәулік бойы ақпарат тарататын арна. Сайттан алынған материалдарға міндетті түрде гиперсілтеме берілуі керек. www.24.kz

Design by TV Channel «24 KZ» 2015