USD 326.88 EUR 366 РУБ 5.49

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Қырғызстан ТМД елдерінің арасында жол-көлік апаты бойынша алғашқы орында тұр

  • 115
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қырғызстан ТМД елдерінің арасында жол-көлік апаты бойынша алғашқы орында тұр

Көршілес Қырғызстан ТМД елдерінің арасында жол-көлік апаты бойынша алғашқы орында тұрған елдің бірі.

Бұған себептер де жетерлік. Олардың арасында автомектептерде жүргізушілерді дайындаудың төмен дәрежеде болуы да бар. Үкімет қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білідіріп, арнайы оқу орындарын тексеруге кірісті.

Монополияға қарсы күрес агенттігі өкілдері автомектептерді тексеру кезінде бірқатар заңбұзушылықтарды әшкереледі. Қатысушылардың тек қағаз жүзінде тіркелуі, техникалық сыныптардың жоқтығы мен ескіркен көліктерді пайдалану сияқты заңсыздықтар жиі кездескен. Бішкек қаласындағы оқу орындарының тек бірең-сараңы талапқа сай құралдармен жабдықталған. Бірақ осындай жағдайға қарамастан арнайы мектептер өз курстарына адамдарды қабылдауды жалғасытырып келеді.

Аскат Азарбеков, ҚР Монополияға қарсы агенттігінің жетекші маманы:

- Өкінішке қарай, оқырмандардың негізгі бөлігі сабаққа қатыспайды. Кей мектептерде шәкірттердің 40%-ы сыныпқа келмейді. Бұл, әрине, дұрыс емес.

Тексеру барысында бірде-бір оқу орны оқушылардың толық тізімін көрсете алған жоқ. Ал басқа мәліметтерді алу қиынның қиыны. Сыныптарды техникалық жағынан жабдықтау да көңіл көншітпейді. Тек бір мектептің ғана көліктің қандай бөліктерден тұратыны және қалай жөнделетінін түсіндіретін арнайы тәжірибелік орны бар болып шықты. Бұған қоса, жүргізуші куәлігін алу үшін өткізілетін емтиханды қатаң бақылау жүйесі жоқ.

Аскат Азарбеков, ҚР Монополияға қарсы агенттігінің жетекші маманы:

- Емтиханды онлайн өткізу жүйесі жасалмаған. Сондықтан қазіргі таңда тек бейнетіркеу жұмыс істейді. Әрине, мұндай жағдайда адами факторлар болмай қоймайды. Осы себепті бірқатар шараны қолға алмақпыз.

Жалпы Қырғызстанда 133 көлік мектебі жұмыс істейді. Ал жыл сайын бұл оқу орындарын 14 мың түлек бітіріп шығады. Полиция санағына сүйенсек, Қырғызстан ТМД елдерінің ішінде жол апаты бойынша алғашқы орында тұр. Бұл елде жыл сайын 70 мыңнан астам қайғылы оқиға тіркеледі екен. «Бұған бірінші кезекте автомектептердің техникалық тұрғыдан нашар жабдықталуы мен заңбұзушылыққа қарсы тиімді шаралардың жоқтығы себеп», - дейді мамандар.

Авторы: Бакыт Чермашов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top