USD/KZT
317.69
EUR/KZT
339.23
РУБ/KZT
5.50


Украиналық өнертапқыш есту қабілеті нашар адамдарға арналған қосымша ойлап тапты

  • 94
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Украиналық өнертапқыш есту қабілеті нашар адамдарға арналған қосымша ойлап тапты

Украиналық өнертапқыш есту қабілеті төмен жандардың өзгемен тең өмір сүруіне мүмкіндік беретін қосымша ойлап тапты.

Оның көмегімен енді естімейтін адамдар қауіпті сезіп, көмек шақыруға, тіпті билеуге мүмкіндік алады.

Бұдан былай есту қабілеті нашар адамдар өзгелермен әңгіме-дүкен құрып, ән тыңдап, мың бұралып билей алады. Оған украиналық өнертапқыштар сенімді. Солардың бірі – Виталий. Бала кезінен дыбыстың 10%-ын ғана естиді. Бірақ бұл кемшілік оның табысты адам болуына тосқауыл болған жоқ. Ол өзінің достарымен бірге естімейтін жандарға көмекші құрал болатын мобильді қосымша ойлап тапты.

Виталий Потапчук, Bewarned жобасының авторы:

- Қосымшаға төрт түрлі қызмет орнатылған. Біріншісі – Sound Monitor. Нейрондық желі негізінде жұмыс істеп қана қоймай, жағдайға бейімделетін алгоритіммен құрастырылған. Ол көлік даусы, иттің үргені немесе адамның айқайы сынды қауіпті дыбысты бірден айырып, телефоныңыз дірілдеп немесе жарық арқылы белгі береді.

Келесі қосымша Connect деп аталады. Бұл естімейтін адамаға сөйлеуге мүмкіндік береді. Яғни айтқан сөзіңді бірден мәтінге айналдырады немесе, керісінше, жазғаныңды дауыстап оқып береді. Виталий ойлап тапқан тағы бір қосымша көңіл көтеруге арналған. Бұл дыбысты діріл арқылы графикалық жарықтармен көрсетеді. Сының көмегімен әуеннің ырғағын анықтауға болады. Тағы бір пайдалы қосымша – жедел көмек.

Виталий Потапчук, Bewarned жобасының авторы:

- EmergencyCall, яғни жедел көмек. Есту қабілеті төмен адам ұялы телефон арқылы басына түскен қиындықты сенімді адамдарына хат арқылы жөнелтеді. Сол арқылы сенімді адамы оның қандай жағдайға душар болғанын және қайда екенін біліп, полицияға немесе жедел жәрдемге қоңырау шалады.

Есту қабілеті төмен жандарға арналған төрт қосымша да бүгінде қолжетімді. Оларды ғаламтордан тегін жүктеп алуға болады. Қолданысқа шыққан 2 аптаның ішінде Dance қосымшасын 2 мың адам өз смартфонына орнатып үлгерген.

Александр, Виталийдің досы:

- Виталиймен бір мектепте оқыдық. Досымның ойлап тапқан қосымшасы маған қатты ұнады. Смартфоныма жүктеп алып, қолданып жүрмін. Біз сияқты жандардың мүмкіндігін одан әрі жетілдіре түссе деймін.

Бүгінде Виталиймен бірге 10 адам жұмыс істейді. Пайдалы қосымшаны жарнамалау мен жетілдіру жұмыстарына көмек бергісі келетіндер көп. Арасында дені сау адамдармен бірге есту қабілеті төмендер де бар. Бірақ бір-бірімен сөйлескенде ешқандай кедергі жоқ. Өйткені барлығы Виталий ойлап тапқан қосымшаны қолданады.

Авторлары: Анна Панащук, Михаил Мищенко

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

back to top