USD/KZT
316.56
EUR/KZT
339.85
РУБ/KZT
5.52


Барак Обама қоштасу сөзін сөйледі

  • 165
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Барак Обама қоштасу сөзін сөйледі фото: Униан

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама Чикаго қаласында қоштасу сөзін арнады.

Ізгі тілегі үшін халыққа алғыс айтқан Обама 8 жылдағы жетістіктерді атап, бірқатар мәселеге тоқталды. Демократияға баса назар аудара отырып, елде теңдік пен төзімділікті дамытудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар қазір АҚШ-қа төніп тұрған қауіптің бірі нәсілшілдік пен экономикалық теңсіздік екенін жеткізді.

McCormick Place орталығында өткен жиынға 20 мыңнан астам адам қатысты. Еске сала кетейік, 20 қаңтарда соңғы президенттік сайлауда жеңіске жеткен республикалық партияның өкілі Дональд Трампты ұлықтау рәсімі өтіп, ол ресми түрде қызметіне кірісу керек.

Барак Обама, АҚШ президенті:

- Ізгі тілектеріңіз Мишель екеумізге қатты әсер етті. Бүгін мен сіздерге алғысымды білдіргім келеді. Өздеріңізбен кездесіп, дидарласу маған күш беріп, алға қарай жетеледі. Мен сіздерден көп нәрсе үйрендім. Менің жақсы президент болуыма сіздер ықпал еттіңіздер.

Пікір қалдырыңыз

Құрметті оқырман! Сайт редакциясы материалға пікір жазу барысында дөрекі, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін, ұлтаралық, дінаралық алауыздық тудыратын сөздерді қолданбауыңызды сұрайды. Мақаланың мәнмәтініне сай келмейтін хабарлама немесе пікір сайтта жарияланбайды.

back to top