USD 319.68

EUR 392.60

РУБ 5.63

Испания соты Сальвадор Далидің мәйітін зерттеуге рұқсат берді

Испания соты Сальвадор Далидің мәйітін зерттеуге рұқсат берді

Испания соты атақты суретші Сальвадор Далидің қабірін ашып, дәрігерлік зерттеу жүргізуге рұқсат берді.

Бұл шара 20 шілдеге жоспарланған. Себебі Пилар Абель Мартинес есімді Жирона тұрғыны өзін Далидің туған қызымын деп жариялады. Енді суретшінің мәйітіне генетикалық сараптама жасалмақ. Ал Пилар 1959 жылы Фигерас қаласында дүниеге келген. Оның айтуынша, шешесі Далимен Порт-Лигат деген мекенде кездескен. Пиларға бар құпияны әжесі айтып кеткенге ұқсайды. Ал Елена Дьяконовамен отау құрған Далидің өзінен ұрпақ қалмаған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде