USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Ұлыбритания ғалымдары ем қонбайтын дерттерге қарсы дәрі-дәрмек ойлап тапшақшы

  • 104
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ұлыбритания ғалымдары ем қонбайтын дерттерге қарсы дәрі-дәрмек ойлап тапшақшы

Ұлыбританияда ем қонбайтын дерттерге қарсы дәрі-дәрмек ойлап табу үшін жасанды санасы бар роботтар қолданыла бастады.

Өйткені олар химия, биология және медицина сияқты салада жарық көрген барлық мәліметті жүйелі саралап, тиісті дәріні табудың тиімді әдісі болып отыр

Жасанды санасы бар роботтар адамдарға қарағанда өте белсенді болып келеді. Сондықтан қандай көлемде ақпарат болса да шаршамастан зерттейді. Сосын алынған мәлімет негізінде ем қонбайтын дерттерге қарсы қажетті дәріні жасап шығаруға қауқарлы. Тіпті ескі препараттардың орнына жаңасын ұсына алады және де адамдарға қарағанда әлдеқайда тез жұмыс істейді.

Джеки Хантер, «BenevolentAI» компаниясының бас директоры:

- Біз іздеу процесін жеңілдетіп, дәріні жасап шығарушыларға дайын ақпаратты беруді көздейміз. Сол арқылы жаңа мақсаттар мен тың қарым-қатынас кезеңі ашылмақ.

Мысалға Шеффилд қаласында жүргізілген тәжірибе нәтижесінде компьютердің «амиотрофикалық ұмытшақтық» деп аталатын аурумен байланысты зерттеулері тиімді болып шыққан. Қазір бұл індетке қарсы екі дәрі бар. Оның бірі 1995 жылы, ал екіншісі биыл жасап шығарылған. Мұндай дертке жыл сайын 140 мың адам шалдығады екен. Мамандар: «Роботтар ғалымдар мен дәрігерлерді ауыстыра алмайды, бірақ уақыт пен қаржыны үнемдеуге үлкен көмек», дейді.

Джеки Хантер, «BenevolentAI» компаниясының бас директоры:

- Біз технологиямыз алдымен дәрі-дәрмектер, тұқымдар сияқты жекелеген нысандар туралы ақпарды анықтап, сонан соң өңдейді. Кейін осы мәліметтердің арасындағы үйлесімді табу үшін жұмыс істейді.

Роботтардың адамдардан тағы бір артықшылығы – зерттеу кезінде қисынға келмейтін теориялар шығарып, уақытты сарп етпейді. Олар тек жинаған деректер негізінде нақты болжамдар жасайды. Сондықтан қазір мұндай тәжірибелерге көптеген ірі компания мүдделі.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Мақсұт Меделханов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top