USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Солтүстік Корея БҰҰ-ның жаңа қарарын мойындамай отыр

  • 69
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Солтүстік Корея БҰҰ-ның жаңа қарарын мойындамай отыр

Солтүстік Корея Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қарарын айыптап, оны мойындаудан бас тартты. Пхеньянның мәлімдеуінше, жаңа құжат елдің дамуына кедергі жасап, өзін-өзі қорғау құқығынан айыруға бағытталған. Сондықтан оны заңсыз деп есептеп, қажетті шараларды қолға алатынын ескертті.

Ал жаңа қарарға сәйкес бұл мемлекетке мұнай импорттауға және одан тоқыма өнімдерін экспорттауға тыйым салынды. Сондай-ақ шетелдік жұмысшылармен қосымша келісімшарттар жасауға шектеу қойылды.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарды Пхеньянның алтыншы ядролық сынақ өткізуіне байланысты қабылдаған болатын. Алайда сарапшылар: «Мұндай қадам Пхеньянды алған бағытынан бас тартқыза алмайды», – деп отыр.

Хен Тей Сун, Солтүстік Кореяның Женевадағы елшісі:

– Біз кез-келген шараны қолға алуға дайынбыз. АҚШ одан қатты азап шегетін болады. Вашингтон жағдайды орынды саралап, дұрыс шешім қабылдаудың орнына саяси, экономикалық және әскери текетіресті таңдап отыр. АҚШ бізді енді толық дайын болғалы тұрған ядролық қарудан бас тартады деп ойлайды. Бірақ бұған бармасымыз анық.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top