×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 131

USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Ирак парламенті күрдтердің референдум өткізуіне қарсы шықты

  • 56
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ирак парламенті күрдтердің референдум өткізуіне қарсы шықты

Ирак парламенті күрдтердің автономды аймағында тәуелсіздік жөнінде референдум өткізу мәселесін дауысқа салып, саяси шараны қолдамай тастады. Шешім депутаттардың басым бөлігімен қабылданды.

Алайда Ирактағы Күрдістан басшылығы қыркүйектің 25-іне белгіленген референдумнан бас тартпайтынын мәлімдеді. Премьер-министр Хайдер әл-Абади шара қарулы қақтығысқа әкеліп соғуы мүмкін екенін ескертті. Үкімет басшысының айтуынша, күрдтер мұндай қадамға тек аймақтағы мұнай қорларын бақылауды өз қолында ұстап қалу үшін барып отыр. Референдум өткізуді АҚШ-та сынға алды. Түркия мен Иран «саяси шара аймақтағы ахуалды шиеленістіреді», – деп одан бас тартуға шақырды.

Хайдер әл-Абади, Ирак Премьер-министрі:

– Министрлер кеңесі конституцияға сәйкес Ирак аумағының тұтастығын сақтау үшін барлық шараларды қолға алады. Қазіргі жағдайды тек келіссөз жүргізу арқылы шешу керек. Біз бұған дейін айтқанымыздай референдум өткізу ел конституциясына қайшы келеді. Мұндай шешім біржақты қабылданбауы тиіс. Сондықтан күрд басшылығын мәмілеге келуге шақырамын.

Массуд Барзани, Ирактық Күрдістан президенті:

– Егер бұлай жалғаса берсе, бір сұмдықтың болары айдан анық. Біз қантөгісті қаламаймыз. Бірақ ешкім Ирактық Күрдістан халқын тәуелсіздік туралы референдум өткізу құқығынан айыра алмайды. Референдум өткеннен кейін ортақ шешімге келу үшін келіссөз өткізуге дайынбыз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top