USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Қуғын-сүргіннен қашқан рохинджалықтар буфферлік аймақты паналап жүр

  • 145
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қуғын-сүргіннен қашқан рохинджалықтар буфферлік аймақты паналап жүр

Мьянма әскерінен қашқан мыңдаған рохинджалық босқын Бангладешпен арадағы буфферлік аймаққа барып бас сауғалап жатыр. Аумағы 40 футбол алаңындай жердің бір жағы темірмен қоршалса, қарсы бетте өзен бар. Кезінде күріш алқабы болған жерді қазір 10 мыңдай рохинджа паналап жүр.

Өйткені Бангладеш шекара күзеті оларды ішке кіргізбеу туралы нұсқау алған. Сондықтан бас сауғалаған босқындарға осы жерді пана тұтудан басқа амал жоқ. Қазір Индонезия тарапы рохинджалық босқындарға 30 тонна гуманитарлық көмек жіберді.  

Монзурул Хасан Хан, шекара қызметкері:

– Осыдан 7-8 күн бұрын бұл жерде қоныс тепкен бірде-бір босқын жоқ еді. Қазір солтүстікке қарай шатырлар тігіліп, адамдар толассыз ағылып келіп жатыр. Олар өз елінен безіп ,шекараны заңсыз кесіп өтуге мәжбүр.

Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мьянмадағы әрекетті этникалық қуғын-сүргін деп отыр. Сондықтан бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Мьянмадағы жағдайды жабық есік артында талқылайтын болады. Соңғы мәліметке қарағанда бүгінде Бангладешке қашқан босқындардың саны 370 мыңға жеткен. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top