USD 340.95 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Мажарстан осы уақытқа дейін бірде-бір босқынды қабылдамай отыр

  • 82
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Мажарстан осы уақытқа дейін бірде-бір босқынды қабылдамай отыр

БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди Мажарстан үкіметінің ұстанымын сынға алды. Шенеуніктің айтуынша, Будапешт мигранттардың құқығын қорғамай, келімсектер шекара маңындағы уақытша лагерьлерде қалып қойып отыр.

Сондай-ақ босқын мәртебесін алу жөнінде бір күннің өзінде бірнеше шағым түсетінін де атап өтті. Ал өткен аптада Еуропалық сот Мажарстан мен Словакияның босқындарды қабылдау квотасы туралы шешіміне қатысты арызын кері қайтарды. Өткен жылы қыркүйек айында бекітілген құжат 160 мың кірмені Одаққа мүше елдердің арасында бөлуді қарастырған еді. Бірақ Мажарстан осы уақытқа дейін бірде-бір мигрантты қабылдаған жоқ.

Филиппо Гранди, БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары:

– Бұл Еуропалық Одақтың шешімі болды. Дегенмен бұл ұйғарыммен толық келісеміз. Біздің ойымызша Еуропаның жауапкершілікті бөліп алуы дұрыс қадам. Бұл шараны әлемнің көптеген елінде қолдануға болады. Негізінде ғаламдық көші-қон бірлесіп шешілуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан елге ағылған заңсыз мигранттармен күресті жалғастыра беретінін айтқан болатын. Мәлімдемеге наразылық білдірген Германия канцлері Ангела Меркель мәселені қазан айында Еуропалық кеңестің қарауына ұсынатынын мәлімдеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top