USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Оңтүстік Корея Пхеньянның ядролық сынағының іздерін анықтады

  • 126
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Оңтүстік Корея Пхеньянның ядролық сынағының іздерін анықтады

Оңтүстік Корея Пхеньянның ядролық сынағынан кейін ауада ксенон-113 радиоактивті изотоптың ізін анықтады. Бұл туралы осы елдің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі министрлігінің өкілі Чхве Чон Бэ мәлімдеді.

Алайда мамандар көрші мемлекеттің қандай ядролық қару сынағанын және жарылыстың қуатын әзірге анықтай алмады.

Естеріңізде болса, Солтүстік Корея шілде айында 2 құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырып, 3-ші қыркүйекте сутектік бомбасын сынақтан өткізгенін мәлімдеген. Пхеньянның мұндай әрекетін халықаралық қауымдастық қатаң сынға алды. Ал Құрама Штаттар мемлекет аумағы мен одақтас елдерге қауіп төнсе, әскери қимылға көшетінін жеткізген еді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top