USD 330.32 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Грекияда Сароникос шығанағына төгілген мазуттан балықтар қырылып жатыр

  • 86
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Грекияда Сароникос шығанағына төгілген мазуттан балықтар қырылып жатыр

Сароникос шығанағына төгілген мазут Грекияда туристер арасында танымал жағажайларға дейін жеткен. Осы ретте жергілікті билік демалушыларға суға түсуге үзілді-кесілді тыйым салды.

Апаттан кейін балықшылар мен жағажайдағы дүкен иелері шығынға батқандарын айтып, қынжылып отыр. Ал жергілікті жұрт арасында тыныс алу жолдарының аурулары асқынғандар қатары артқан. Өйткені өңірді мұнай мен оны тазалауға арналған химиялық заттардың жағымсыз иісі жайлап кетіпті. Ол аздай, тұрғындар экологиялық апат кесірінен балықтардың жаппай қырылып жатқанын хабарлады.

Фотис Яманис, жергілікті тұрғын:

Бұл сұмдық жағдай ғой. Меніңше, ластанған суды тазарту үшін кемі 2 жыл кетеді. Өйткені мазут тек су бетіне ғана жайылып қоймайды. Оның топыраққа да сіңіп кеткені анық. Суға аяғымызды салып едік, табанымыз қап-қара бояуға боялып шықты.

Янис Трикаминас, жергілікті тұрғын:

– Суға жолау мүмкін емес. Мұнай өнімдерінің иісі мөңкіп тұр. Енді біраз уақыт ешкімнің де шомылмайтыны анық. Ал қайықтар қап-қара болып кеткен. Теңізге шығармас бұрын олардың бірін қалдырмай тазалау керек.

Бұл экологиялық апат 10-ші қыркүйекке қараған түні Сароникос шығанағында болған. 2 мың тоннадан астам мазут тиелген танкер суға кеткен еді. Құтқарушылар екі экипаж мүшесін аман алып қалды. Ал апаттың нақты себебі әл анықталған жоқ. Сондай-ақ суға қанша мазут төгілгені де беймәлім. Қазір мамандар тазалау жұмыстарымен айналысып жатыр. Осы ретте теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі Еуропалық ұйым көмек ретінде өңірге кемелерін аттандырды. Ал экологтар Грекия билігін төтенше жағдайға қатысты жіті тергеу жүргізуге шақырып отыр. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top