USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясы ашылды

  • 69
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясы ашылды

Алайда жылдағы қызу талқылау үрдісі келесі аптада басталмақ. Оған ұйымға мүше 193 елдің мүшелері қатысады. 

Форумға алғаш рет АҚШ Президенті Дональд Трамп та келеді деп жоспарланған.

Жуырда ғана Бас Ассамблеяның  жаңа төрағасына өкілеттікті тапсырудың салтанатты рәсімі өткені белгілі. Бұл лауазымға Словакияның сыртқы істер министрі Мирослав Лайчак лайық деп танылды. Оның дипломатиялық еңбек өтілі 1988-ші жылы бастау алған. 72-ші сессияның ашылу барысында Мирослав Лайчек өзіне жүктелген міндеттердің басты бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, көші-қон мәселесі мен түрлі кикілжіңдерді шешу, жаһанның жан-жақты дамуына үлес қосу және адам құқықтарын қорғауға жіті мән берілетінін айтты. Жиында бейбітшілікті қамтамасыз ету, терроризммен күрес сынды түйіткілдерге қатысты 180 мәселе қарастырылмақ. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top