USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Сеул мен Пхеньян арасында жағдай ушыға түсті

  • 124
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Сеул мен Пхеньян арасында жағдай ушыға түсті РИА Новости Украина

Сеул мен Пхеньян арасындағы шиеленіс ушыға түспесе, беті бері қарайтын түрі жоқ.

Тіпті Солтүстік Корея жақында кезекті ядролық сынағын жүргізді. Оған жауап ретінде БҰҰ бірқатар санкция салды. Ал енді бұл жағдайлардың Оңтүстік Кореяға әсері қандай және ресми Сеул қандай қадамдар жасауы мүмкін?

Сеул қаласы, көпқабатты үйлер және аулада уайымсыз ойнап жүрген балалар. Бір қорқыныштысы, тура осы жерден 50 шақырым жерде Солтүстік Кореяның шекарасы тұр. Бірақ бұл зымыран сыналған сайын жергілікті тұрғындардан тыныштық кетеді дегенді білдірмейді. Тіпті мұндай жағдай мүлдем болмапты. Алайда бола қалса, бұндағылар не істеу керектігін жақсы біледі.

Пек Щи Хён, тәртіпке жауапты басқарушы ұйымның қызметкері:

- Ай сайын арнайы оқу-жаттығу болады. Яғни Солтүстік Кореяның ұшақтары бізге жақындаған жағдайда не істеу керектігін пысықтаймыз. Мәселен, көліктер кілт тоқтауға міндетті. Ал адамдар жақын жердегі жерасты паналарына тығылады.

Егер Сеулге қарсы зымыран бағытталатын болса, онда мына үйдің тұрғындары жерасты көлік тұрағын паналаймыз деп үміттенеді. Бірақ Оңтүстік Корея астанасына ядролық немесе химиялық қару қолданылатын болса, онда мұндай зұлматтан ешкім құтыла алмасы анық. Өйткені жұрт сеніп отырған жерасты тұрақта тіпті газқағар да жоқ.

Пак Ёнг Мин, профессор:

- Трамп үкіметі Солтүстік Корея ядролық қару қолданған жағдайда, қарымта соққы жасау мәселесін жиі талқылайды. Бірақ іс жүзінде оның бола қоюы екіталай. Өйткені көрші біздің және басқа да елдерге оның әсері болатыны анық.

Бұқара арасында арнайы сауалнама да жүргізілген болатын. Оның нәтижесі бойынша, жергілікті тұрғындардың басым бөлігі соғыстан қорықпайтын болып шықты. Тіпті ол болады дегенге де сенбейді. Өйткені қос тараптың шиеленісі көптен бері жалғасып келеді. Бірақ қанды қырғынға әкелген сәті болмады. 

Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top