USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Американдық «Тойс ар ас» дүкендер желісі тақырға отырды

  • 91
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Американдық «Тойс ар ас» дүкендер желісі тақырға отырды

Америкалық бүлдіршіндерді ойыншықтарымен қуантып жүрген «Тойс ар ас» дүкендер желісі тақырға отырды. Мәліметтерге қарағанда, кәсіпорын 5 миллиард доллар қарызға батқан.

Дегенмен компания басшылығы қаржылық қиындықтарды шешуге қауқарымыз жетеді деп отыр. Бүгіннің өзінде олар инвесторлармен келісіп, қарыздың бір бөлігін жабатын 3 миллиард доллар тапқан. Енді келісімді сот растауы керек.

Алпауыт кәсіпорындағы дағдарыс Америка мен Канададағы бөлімшелерге қатты әсер еткен. Себебі мұнда олардың 64 мың қызметкері жұмыс істейтін 1 мың 600 дүкені бар.

Айта кетейік, «Тойс ар ас» 1948 жылы құрылып, Американың ойыншықтар нарығында көшбасшы болды. Алайда соңғы жылдары «Амазон»,  «УолМарт» сынды онлайн-дүкендер бұл кәсіпорынның алдын орап кеткен. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top