USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Эйфель мұнарасы шынымен қоршалады

  • 101
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Эйфель мұнарасы шынымен қоршалады

Париждегі Эйфель мұнарасының төңірегі оқ өтпейтін шынымен қоршалады.

Француз билігі тиісті жұмыстарды бастап та кеткен. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шара. Негізі былтыр футболдан Еуропа чемпионатына орай мұнда темір қоршау орнатылған болатын. Алайда қала басшылығының мәлімдеуінше, бұл әлемге танымал орынның сыртқы келбетін бұзады. Сондықтан темір қоршауды, шынымен алмастырған дұрыс. Жоба құны 30 млн еуроға бағаланып отыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары келер жылдың мамыр айына таман аяқталуы тиіс.

Валери, саяхатшы:

- Меніңше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін басқа шаралар қабылдануы керек. Өйткені әлдекімдер шабуыл жасауды жоспарласа, оған не металл қоршау, не шыны да кедергі болмайды. Шыны қабырғаның ар жағында тұрып, өзіңді толық қауіпсіз сезіну мүмкін емес шығар. 

Негізі шыны қоршау орнату жұмыстары жергілікті биліктің Эйфель мұнарасын жаңарту бойынша ауқымды жобасының аясында жасалып отыр. Ол жобаның құны 300 млн еуро. Бұл сомаға мұнара ішіндегі лифттер жөнделіп, жарық жүйелері жаңартылмақ. Сондай-ақ құрылыстың сыртын бояу да жоспарда бар. Негізгі жұмыстар 2024 жылға дейін аяқталуы тиіс. Өйткені 7 жылдан кейін Парижде жазғы Олимпиада ойындары өтеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top