USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Испаниядағы саяси жағдай ушығып барады

Испаниядағы саяси жағдай ушығып барады

Елдің азаматтық гвардиясы Каталонияның тәуелсіздігі жөнінде референдум өткізуді ұйымдастырған 16 шенеунікті қамауға алды.

Сонымен қатар дауыс беруге арналған бюллетендер де тәркіленді. Полицияның осындай әркетінен кейін Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пучдемон Испания билігін каталондықтардың құқығына қол сұқты деп айыптап, тұрғындарды бейбіт шеруге шығуға шақырды. Іле-шала елдегі ірі шаһарларда жаппай ереуілдер басталды. Наразылық шарасына шыққан халық: «Болашағымызды өзіміз таңдаймыз, тәуелсіздікке дауыс береміз», – деп ұрандатқан.

Пау Маркалл, ереуілге қатысушы:

- Біз дауыс беріп, таңдау жасауға құқылымыз. Демократиялық елде халықтың қалауы орындалуы тиіс. Ал Испания билігі бізге мұндай мүмкіндік беруден бас тартып, құқығымызды шектеп отыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде