USD 333.68 EUR 396.25 РУБ 5.82

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Пуэрто-Рикода «Мария» дауылы елдің ойранын шығарды

  • 99
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Пуэрто-Рикода «Мария» дауылы елдің ойранын шығарды

Дүлей жел талдарды тамырымен қопарып, үйлердің шатырын ұшырып әкеткен.

Электр бағандарын құлатып, бүкіл арал жарықсыз қалды. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы дерек жоқ. Дауыл келерін алдын ала болжаған билік 500 уақытша баспана әзірлеген. Тұрғындар дауыл кезінде осындай орталықтарға келіп бас сауғалады. Қазір жел Доминикан Республикасының жағалауына қарай бағыт алған.

Айта кетейік, бүгінде Атлант мұхитында «Мариядан» бөлек, «Норма» және «Хосе» атты тропикалық дауыл соғып тұр. Негізінен мұнда маусым мен қараша аралығы «дауылдар маусымы» болып саналады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top