USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Пәкістанда «Тегін мектеп» жобасы қолға алынды

  • 101
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Пәкістанда «Тегін мектеп» жобасы қолға алынды LoveOpium

Пәкістанда өзгелерге үлгі боларлықтай игі іс қолға алынды.

Елдің ең ірі қаласы Карачиде тегін мектеп жұмыс істеп тұр. Онда тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары оқиды. Әзірге ұл-қыздар ғимараттың ішінде емес, көше бойында білім алуға мәжбүр. Көлік қозғалысы мен өзгелер кедергі етпес үшін оқу орны матамен қоршалған. Соған қарамастан еріктілер шәкірттерінің ынтасы зор екенін айтады. Негізі Пәкістанның өзге қалаларында да осындай жобалар іске қосылған екен. Сөйтіп қазір 200 мың бала тегін білім алып отыр. Олардың тең жарымы: 5-16 жас аралығындағы қыздар.

Шагуфта Нафис, оқушы:

- Ата-анам мені мектепке жібере алмайды. Өйткені отбасымызда бала көп. Пәтер жалдап тұрамыз. Сондықтан анам тегін мектеп туралы естіп, бірден мені сонда жіберді. Маған әсіресе урду тілін оқыған ұнайды. Болашақта әскерге барып, отан алдындағы міндетімді атқарғым келеді.

Сейд Анфас Әли Шах Заиди, жоба авторы: 

- Бізде оқитын балалардың көбі кезінде қайыр тілеген немесе қылмыспен айналысқан. Олар мұндай жаман істерден аулақ болу үшін мектеп аштық. Алайда жеткіншектерді арам ойларын іске асыру үшін пайдаланып келген қаскөйлер бізге барынша кедергі келтіруге тырысып жатыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top