USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Пуэрто-Рикода «Мария» дауылы құрбандарының саны артты

  • 120
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Пуэрто-Рикода «Мария» дауылы құрбандарының саны артты

Соңғы мәлімет бойынша, 45 адам ажал құшқан.

Ұшты-күйлі жоғалып кеткен 100-ден астам тұрғын әлі күнге дейін табылған жоқ.

Айта кеткен жөн, «қыркүйектің соңында Пуэрто-Рикода «Мария» дауылы ойран салған болатын. Сарапшылардың пайымдауынша, табиғат апатынан келген материалдық шығын 95 млрд долларға дейін жетуі мүмкін. Дауыл соққанына 3 апта өтсе де, арал халқының 90%-ы әлі күнге дейін жарықсыз отыруға мәжбүр. 40%-ы таза ауызсуға қол жеткізе алмай әлек. Сондықтан жұрт бұл жерден кетуге тырысып жатыр.

Эфран Диаз Фигуэроа, жергілікті тұрғын:

- Менің әпкем Бостон қаласында тұрады. Ол жуырда осында келіп, мені өзімен бірге алып кетуі тиіс. Енді бәріміз АҚШ-та тұратын боламыз. 

«Мария» дауылының зардабын америкалықтар да тартуы мүмкін. Өйткені АҚШ-тағы дәрі-дәрмектің шамамен 10%-ы осы Пуэрто-Рикода өндіріледі екен. Апат аралдағы фармакологиялық зауыттардың біразын зақымдаған. Соның кесірінен қазанның соңында америкалықтар арасында түрлі препараттар тапшылығы сезілуі мүмкін деген күдік бар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top