USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Президенттік сайлаудың нәтижесіне қарсы болған кениялықтар ереуілге шықты

  • 102
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Президенттік сайлаудың нәтижесіне қарсы болған кениялықтар ереуілге шықты

Кенияда президенттік сайлаудың нәтижесіне көңілі көншімеген ел-жұрт жаппай ереуілге шықты.

Ел астанасы Найробидегі наразылық шарасы полицейлермен қақтығысқа ұласты.

Кениядағы президенттік сайлау 8 тамызда өткен. Қорытындысы бойынша Ухуру Кениата екінші мерзімге қайта сайланған. Алайда саяси дода барысында түрлі заңбұзушылықтар тіркеліп, жоғарғы сот оның нәтижелерінің күшін жойды. Енді қайта сайлау 26 қазанға белгіленген. Алайда оппозиция жетекшілері оның да заңға сай өтуі екіталай деп күдіктеніп отыр.

Жергілікті тұрғын:

Айнала айқай-шу болып кетті. Дереу үйдің артына барып тығылдым. Алайда полицейлер мені тауып алып, соққыға жықты. Олар мені ереуілшілерге көмектестің деп айыптап отыр. Олай емес екенін түсіндіріп, осы жерде жұмыс істейтінімді айттым. Алайда бұдан түк шықпады. Олар аяғымды сындырып, қолымды зақымдады.

 

Негізі Кенияда бірінші президенттік сайлау өткелі бері ереуілдер басылмай тұр. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия мамандарының хабарлауынша, соңғы екі ай ішінде тәртіпсіздіктер салдарынан кемі 37 адам қаза тапқан. Арасында кәмелетке толмағандар да бар. Жарақатталғандар қатарында тағы 100-ден астам тұрғын бар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top