USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Вьетнамда табиғи апат құрбандарының саны 48-ге жетті

  • 114
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Вьетнамда табиғи апат құрбандарының саны 48-ге жетті

Вьетнамның солтүстігі мен оңтүстігін жайлаған су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 48-ге жетті.

Із-түзсіз жоғалған 22 тұрғын әлі табылған жоқ. Ондаған адам ауруханаға түсті. Елдің орталық бөлігіндегі бірнеше провинциядан 5 мыңнан астам тұрғын көшірілді. Адамдарды эвакуациялау әлі жүргізіліп жатыр. Ал табиғи апатқа өткен аптаның соңынан басталған дауыл мен толассыз нөсер себеп. Көптеген аймақта төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, 1 мыңнан астам үйді су басып, егістік алқаптарға орасан зор нұқсан келген. Айта кеткен жөн, Вьетнамда тропикалық дауыл мен жауыннан жыл сайын жүздеген адам опат болады. Өткен жылы табиғи апаттан 260-тан астам тұрғын көз жұмды. Ел экономикасы 2 миллиард доллардай шығынға батты.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top