USD 325.80

EUR 400.80

РУБ 5.27

Испания үкіметі Каталониядағы жағдайды талқылады

Испания үкіметі Каталониядағы жағдайды талқылады

Испания үкіметі Каталониядағы жағдайға байланысты нақты шараларды қолға алу үшін шұғыл жиналыс өткізді.

Бұған дейін ел премьер-министрі Мариано Рахой орталық үкімет автономды аймақтың мәртебесін жоятын конституцияның 155-бабын қолданатынын мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл шара Каталониядағы конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін қолға алынады. Ал ресми Мадрид аталған бапты ешқашан да қолданған емес.

 

Еске сала кетейік, 1 қазан Каталонияда аймақтың тәуелсіздігі туралы референдум өткен болатын. Өңірдің жеке мемлекет құруын дауыс барушілердің 90 пайыздан астамы қолдады. Аймақ басшылығы тәуелсіздік туралы декларацияға қол қойып, бірақ оны күшіне енгізуді кейінге шегерді. Ал Испания билігі референдумды заңсыз деп мәлімдеді. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде