USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Египетте лаңкестік шабуылдан 16 полицей қаза тапты

  • 167
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Египетте лаңкестік шабуылдан 16 полицей қаза тапты

Египеттегі лаңкестердің тәртіп сақшыларына жасаған шабуылынан 16 полиция қызметкері қаза тапқан. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары қақтығыс кезінде 58 құқық қорғаушының көз жұмғанын жарыса жазған болатын. Алайда ол  расталмады. Ресми деректер бойынша қастандықтан қаза тапқандардың 11-і офицер, біреуі сержант және төртеуі қатардағы жауынгер болған. Сондай-ақ қақтығыс кезінде 15 содырдың көзі жойылған.

Еске сала кетейік, таяуда Египет әскері Эль-Вахат ауданында жасырынған лаңкестерге қарсы операция бастады. Алайда күтпеген жерден содырлардың шабуылына тап болды. Қазір аймақта жасырынып жүрген лаңкестерді жою операциясы әлі жалғасып жатыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top