USD 327.92

EUR 398.12

РУБ 5.25

Ирандағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 530-ға жетті

  • 197
Ирандағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 530-ға жетті Фото: The Weather Channel

Иран-Ирак шекарасындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 530-ға жетті.

Бұл туралы IRNA порталына сілтеме жасап RT агенттігі хабарлады. Ал соңғы дерек бойынша жапа шеккендердің қатары 7817 адам. Бұған дейін 445 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған еді. Иранда аталған жағдайға байланысты 14 қараша қаралы күн деп жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 13 қазанда Иран-Ирак шекарасында магнитудасы 7,6-ға тең жойқын жер сілкінісі болды. Екі елдің шекарасындағы жер сілкінісінің күшті болғаны соншалық, оның дүмпуі Біріккен Араб Әмірліктерінде, Кувейтте, Йеменде, Сауд Арабиясында, Израильде сезілген. Бұл елдерде қанша адамның жапа шеккені әлі белгісіз. Ал апат аймағында тағы да оннан астам кішігірім зілзала тіркелді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде