USD 340.27

EUR 396.40

РУБ 5.34

БҰҰ АСЕАН-тың лаңкесттікке қарсы декларациясын қолдайды

БҰҰ АСЕАН-тың лаңкесттікке қарсы декларациясын қолдайды

БҰҰ терроризммен күрес бағытында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына техникалық қолдау көрсетуге дайын.

Бұл туралы Қауымдастық бас хатшысы Маниладағы саммитте мәлімдеді. Бүгінде АСЕАН ұйымына мүше Филиппин мен Индонезияда экстремистік топтар белсенді әрекет етеді. Тіпті қаруланған қаскөйлер Филиппиннің Марави қаласын басып алып, 5 ай бойы уысында ұстады. Алайда үкімет әскері шаһарды олардан азат етті.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы: 

– Терроризмнің әлемге, оның ішінде осы аймаққа да қатер төндіруі мені қатты алаңдатады. Біз АСЕАН ұйымының лаңкестікке қарсы күресті күшейту туралы декларациясын қолдаймыз. Экстермизммен күрес жолында АСЕАН-нан бөлек жекелей мемлекеттерге де техникалық көмек беруге дайынбыз. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде