USD 339.95

EUR 394.60

РУБ 5.34

Мексикада із-түзсіз жоғалғандардың тізімі жасалатын болды

Мексикада із-түзсіз жоғалғандардың тізімі жасалатын болды

Мексикада жергілікті қоғамдық ұйымдардың бірі, елде есірткі қылмысымен байланысты із-түзсіз жоғалғандардың жаңа тізімін жасайтын болды.

Жоба авторлары, ұйымхабарсыз кеткендердің аты-жөнін толық көрсетіп, деректер қорын үнемі жаңартып отыратындарын айтады. Жалпы бұл іспен елде Ұлттық тіркеу орталығы айналысады. Алайда аталған мекеме хабар-ошарсыз кеткендердің аты-жөнін көрсетпейтін. Және де тек ресми мәліметпен жұмыс жасап, көп адам тізімге ілінбей қалатын. Ал ресми дерекке қарағанда, Мексикада есірткімен байланысты қылмыстық топтардың әрекетінен соңғы 10 жылда 100 мың адам қаза тапқан екен. Өткен жылы 23 мың тұрғын опат болыпты. Сарапшылар бұл 2012 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш деп отыр.

Мария Фернандес, жергілікті тұрғын: 

– Бұл дерек көздері барлық адамдарға қолжетімді болуы тиіс. Әсіресе жақындарынан айырылған жанұялар үшін үлкен көмек болар еді. Әлем Мексикада жапа шеккендердің құқықтары жиі тапталып, елде адамдар күн сайын жоғалатынын білуі керек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде