USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


БҰҰ Пхенчхан Олимпиадасында олимпиадалық бітімді сақтау туралы қарар қабылдады

  • 88
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
БҰҰ Пхенчхан Олимпиадасында олимпиадалық бітімді сақтау туралы қарар қабылдады

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының кезекті отырысы өтті.

Талқыланған тақырып «Спорт бейбітшілік пен оның дамуы үшін» деп аталады. Қауымдастық төрағасы Мирослав Лайчак өз сөзінде БҰҰ мен спорттың ортақ үш құндылығын атады. Біріншіден, тәртіп, әділдік және қарсыласына сыйластық танытатын адамдардың басын біріктіреді. Екіншіден, БҰҰ-да, спорттағыдай әртүрлі тілде тілдесіп, өзіндік дәстүр мен көзқарасқа ие болуға болады. Және үшінші спорт жас ұрпақтың жарқын болашағына мүмкіндік беріп, құқығын кеңейтеді. Жиында 2018 жылы Корея Республикасында өтетін 23-ші Қысқы Олимпиада ойындарында олимпиадалық бітімді сақтау туралы қарар қабылданды.

Мирослав Лайчак, БҰҰ Бас ассамблеясының төрағасы: 

– Спорт БҰҰ-мен әрдайым қатар жүрмейді. Оны түсінуге болады. Теннис кортында немесе жүгіру жолағында болып жатқан жағдаймен біздің жұмысымызды салыстыруға болмайды. Дегенмен БҰҰ мен спорттың құндылықтары ортақ және тығыз байланыста.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top