USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Иракта Рава қаласын азат ету басталды

  • 96
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Иракта Рава қаласын азат ету басталды

Иракта үкімет әскері содырлардың соңғы бекінісі Анбар провинциясындағы Рава қаласын азат етуді бастады.

«Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының лаңкестері бекінген Рава шаһары Сирия шекарасына жақын орналасқан. Бұған дейін үкімет жасақтары Эль-Кайм қаласын өз бақылауына алған болатын. Сондай-ақ Руман ауданы мен оның маңындағы 9 елді мекенді де содырлардан арылтты. Сонымен былтыр қазан айында Мосулды азат етуден басталған әскери қимылдар аяқталуға таяу. АҚШ бастаған одақтас елдердің мәлімдеуінше, қазір лаңкестер Иракта басып алған жерлерінің 95 пайызынан айырылған. Сарапшылар Ирак осы жылдың соңына дейін содырлардан толық тазартылады деп отыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top