USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Аргентиналық сүңгуір қайық іздестіріліп жатыр

  • 181
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Аргентиналық сүңгуір қайық іздестіріліп жатыр

Аргентина әскери теңіз күштері ұшты-күйлі жоғалған сүңгуір қайықтан 7 дабыл белгісі түскенін мәлімдеді.

Дегенмен мамандар теңізшілермен байланысқа шыға алмаған. Су көлігі ұшақтар мен кемелердің көмегімен әлі іздестіріліп жатыр. Жоғалып кеткен қайықтың бортында 44 адам болған. Субмарина сәрсенбі күні Ушуая портынан Мардель-Платаға аттанған еді. Бірақ орта жолда байланысқа шығуын тоқтатқан. «Кларин» басылымының хабарлауынша, бұған сүңгуір қайықтағы техникалық ақау немесе өрт себеп болуы мүмкін. Әскери техниканың өзі Германияда құрастырылып, Аргентина әскери теңіз күштері құрамына 1985 жылы берілген. Оның ұзындығы 66 метр. Мұндай субмарина су астында екі сағат бойы жұмыс істей алады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top