USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Д.Трамп АҚШ-тың Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшіруді тапсырды

  • 109
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Д.Трамп АҚШ-тың Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшіруді тапсырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы ретінде мойындайтынын мәлімдегені белгілі.

Бұл шешімді қоштап қолдағандармен қатар қарсылық танытқандар да бар. Әсіресе Палестина мен Таяу Шығыс елдерінің бірқатары құп көре қоймаған. Сондай-ақ Трамп Құрама Штаттардың Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшіруді тапсырды.

Айта кеткен жөн, Израиль 1949 жылы Иерусалимді өз астанасы деп жариялаған. Ал 1967 жылы алты күндік соғыстан кейін Шығыс Иерусалимді басып алып, Батыс Иерусалимге қосты. Алайда БҰҰ жаңа астананы мойындамаған.

Дональд Трамп, АҚШ президенті: 

– Иерусалимді Израиль астанасы ретінде мойындайтын уақыт жетті деп есептеймін. Бұған дейінгі президенттер сайлауалды кампанияларында бұны жасауға уәде етсе де, іске асыра алмады. Бұл бағыт Израиль мен Палестина арасындағы бейбітшілікті сақтауды көздейді. Израиль тәуелсіз ел, сондықтан астанасын өзі анықтауға толық құқығы бар. Ал оны мойындаубейбітшілікке жету жолындағы басты алғышарттардың бірі.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top