USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Калифорнияда 150 тұрғын үй өртеніп кетті

  • 76
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Калифорнияда 150 тұрғын үй өртеніп кетті

Калифорния штатының солтүстігіндегі тау бөктері отқа оранды.

150 тұрғын үй мен бірнеше ғимарат өртеніп кеткен. Тілсіз жау 2 адамның өмірін қиды. Жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Жалпы 12 мың гектардан астам аумақ өртеніп кетті. Отпен күресуге желдің екпіні мен ауа ылғалдылығының төмендігі кедергі боп тұр. Қазір аймақта 150 мыңнан аса үй жарықсыз қалған. Мамандардың болжауынша қолайсыз ауа райы осы аптаның соңына дейін жалғасуы мүмкін. Калифорния губернаторы төтенше жағдай жариялап, жергілікті мектептер мен өзге де оқу орындары жабылды. Жалын шарпыған аймақта мыңдаған өрт сөндіруші, арнайы техникалар және ұшақтар мен тікұшақтар отпен күресіп жатыр.

Ральф Терразас, өрт сөндіру қызметінің өкілі:

 

– Ертең желдің екпіні сағатына 33 шақырым жылдамдыққа дейін жетеді. Өрт қаупі жоғарғы деңгейге жетті. Мұндайды бірінші рет көруім. Алдағы күні қатер бұдан да ұлғаюы мүмкін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top