USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Биыл Италия тарихындағы ең құрғақ жыл болды

  • 68
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Биыл Италия тарихындағы ең құрғақ жыл болды

Биыл Италияны құрғақшылық жайлады.

Ғалымдар бұл жағдайдың ел тарихында жаңа климаттық рекорд орнатқанын айтады. Соңғы екі ғасырда Апеннин түбегінде осыншалықты қуаңшылық болған емес. Жауын-шашын әдеттегіден 30 пайызға аз түсті. Әсіресе бұл ақпаннан қыркүйекке дейінгі аралықта және қазан айында қатты сезілген. Көлдер мен өзендер саяздап, ауызсу жағдайы да күрделенді. Қуаңшылық пен орман өрттері астықтың бір бөлігі мен жеміс-жидек пен көкөніске залалын тигізді. Алдын ала мәліметтерге қарағанда биыл ауа райы салдарынан ауылшаруашылық саласының шығыны 2 миллиард еуроға жетті. Аграралық саладағы жалпы ішкі өнім 7 пайызға азайған.

Лоренцо Баццана, Coldiretti ауыл шаруалары ұлттық бірлестігінің бөлім басышысы:

 

– Ғалымдар биыл тарихымыздағы ең құрғақ жыл деп отыр. Өз басым күннің аса ыстық болғанын айта кеткім келеді. Қуаңшылық әрі аптап ыстық, астықтың шығымына көп залалын тигізді. Жауын жауған жоқ. Қыс мезгілінде жинақталуы тиіс су қоры құралмай қалды. Осының салдарынан астықтың түсімі аз болып, кей жерлерде егістік алқаптар жанып кетті.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top