USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Грекия астанасындағы тәртіпсіздіктер басылар емес

  • 142
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Грекия астанасындағы тәртіпсіздіктер басылар емес

Грекия астанасы Афинада полиция қолынан қаза тапқан бозбаланы еске алу күніне орай өткен шеруден кейінгі тәртіпсіздіктер әлі басылған жоқ.

Беттерін тұмшалап алған анархистер көшелерді жауып, қоқыс жәшіктеріне өрт қойды. Елірген көпшілік полицейлерге тас пен жанғыш шөлмектер жаудырды. Тәртіп сақшылары бүлікшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданған әрі су шашып таратуға тырысып жатыр. 22 күдікті қамауға алынды. 

Айта кетейік, қазіргі тәртіпсіздіктерге 2008 жылы 6 желтоқсанда болған оқиға себеп. Бұл күні Алексис Григоропулос есімді 15 жастағы жеткіншек белгісіз жағдайда полиция қолынан қаза тапқан еді. Оның өлімі сол кезде екі апталық наразылық шеруіне ұласқан. Содан бері әр жыл сайын марқұмды еске алу шеруі ұйымдастырылып, оның арты тәртіпсіздіктерге ұласып отырады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top