USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Швейцариялыққа 10 жыл бұрын жоғалған әмияны мен ішіндесі түгелімен қайтарылды

  • 192
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Швейцариялыққа 10 жыл бұрын жоғалған әмияны мен ішіндесі түгелімен қайтарылды Фото: 20min.ch

Швейцария тұрғынына 2007 жылы жоғалған әмияны мен оның ішіндегі күллі заты қайтарылып берілді.

 Петер Марку осыдан 10 жыл бұрын әмиянын Харкинген қаласындағы пошта қоймасының құрылысы кезінде жоғалтып алған, деп жазады 20min.ch. Әмиян ішінде оның құжаттары, несие картасы мен 500 франк ақшасы болыпты. Алайда ер адам үшін ескі 20 франктық банкнота ең қымбат болған. Ол 1989 жылы Косоводан Швейцарияға қоныс аударған күннен сол ақшамен өмірін бастап бойтұмар ретінде сақтап жүріпті.

Әмияны жоғалған соң Марку әріптестерімен барлық құрылыс алаңын қарап шығып, таба алмаған екен. Алайда биыл бірнеше күн бұрын ер адамға Харкингендегі пошта орталығынан біреулер қоңырау шалып, қызметкерлерінің бірі оған тиесілі затты тауып алғанын айтқан.

Сүйінші хабарды ала сала, дүниесін алуға барған Марку әмиян ішіндегілердің түгелі орнында екеніне көз жеткізді.

«Швейцарлықтар шынымен өте әділ жандар екен», – дейді таңғалған Марку тілшілерге.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top