USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Трамптың портреті түрінде қиылған шаш үлгісі ғаламторды шарлады (фото)

  • 191
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Трамптың портреті түрінде қиылған шаш үлгісі ғаламторды шарлады (фото)

Таиландта тұратын Аллен Чен атты шаштараз шебері жұртқа елден ерекше өнерімен танымал. Ол клиенттерінің қалауы бойынша желке тұстан жоғары етіп, танымал жұлдыздардың бейнесін келтіріп, шаш қиып береді.

Ал мына суреттегі жігіт АҚШ президенті Дональд Трамптың кескінін келтіріп беруді өтініпті.

 

Аллен Чен президенттің портретін 3 сағат бойы «салған» екен. Бұл үшін шебер жігіт шашының маңдай бөлігін қара түс етіп қалдырып, төбеден желкеге түскен шашты сары түске алдын ала бояп алған. Сол арқылы Ақ үй иесінің әйгілі шаш үлгісін келтірген. 

Трамптың портреті түріндегі шаш үлгісі түсірілген фото әп-сәтте ғаламторды шарлап кетті.

Айта кету керек, мұнан бұрын таиландтық шебер Микки Маус, Мона Лиза, Уинни Пух түріндегі шаш үлгілерін жасап, көпшілікке танымал болған еді.

DailyMail

Аударған: Г.Абилова

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top