369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таяу Шығыстағы қақтығыстардың соңы адам шығынына ұласты

  • 298
  • UPD: 22:24, 16.12.2017

Израиль полицейлеріне жалаң қолмен ұмтылып, жаға жыртысқан төрт палестиналық қаза тапты.

Тағы 900-дейі жараланған. Жүзден астамына оқ тиді. Он шақтысы ауыр халде жатыр. Бұл туралы палестиналық «Қызыл Жарты ай» ұйымының ресми өкілі хабарлады. Марқұмдардың екеуі Газа секторында, біреуі Рамалла қаласында, тағы біреуі Иерусалимде мерт болған. Бұл қалалардағы қақтығыстардың жалғасып жатқанына бір аптадан асып кетті.

Халықтың толқуына АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп мойындауы себеп болған. Ақ үй басшысының шешіміне палесиналықтармен қатар әлемнің бірнеше мемлекеті қарсы шықты. Олардың қатарында АҚШ-қа одақтас елдер де бар. Еуроодақ басшылығының айтуынша, Иерусалим мәртебесін Израиль мен Палестина өзара кеңесіп айқындағаны жөн.

Хабар 24 телеарнасы