USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Чилиде президенттік сайлаудың қорытындысы жарияланды

  • 180
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Чилиде президенттік сайлаудың қорытындысы жарияланды РИА Новости

Чилиде президенттік сайлаудың екінші кезеңінде мемлекеттің бұрынғы басшысы Себастьян Пиньера жеңіске жетті.

Ол 54,57 пайыз дауыс жинаған. Ал қарсыласы сенатор Алехандро Гильердің еншісінде 45,43 пайыз дауыс бар. Негізі елде президенттік сайлау 19 қарашада өткен еді. Бірақ халықтың қатысу белсенділігі төмен болды. Дауыс беру құқығына ие 14 миллион 300 мың адамның тек 6 жарым миллионнан астамы ғана өз таңдауын жасаған. Сөйтіп саяси доданың екінші кезеңі 17 желтоқсанға белгіленген болатын. 

Себастьян Пиньера мемлекетті 2010-2014 жылдар аралығында басқарған еді. Сайлауалды науқанында ол экономикалық өсімді арттырып, бюджет тапшылығын қысқартуға уәде етті. Өйткені қазір Чили қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Оған мыс бағасының арзандауы себеп. Өйткені ел экономикасы негізінен осы металдың экспортына тәуелді.   

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top