USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Үндістанда дүкендегі өрттен 12 адам көз жұмды

  • 100
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Үндістанда дүкендегі өрттен 12 адам көз жұмды

Үндістанның Мумбай қаласында тәтті тағамдарды дайындап сататын дүкенде өрт шығып, 12 адам қаза тапты.

Оқиға түнде ғимарат ішінде жұмысшылар ұйықтап жатқанда болған. 4 қызметкер аман-есен құтқарылды. Бірақ жалын тез жайылып, дүкен төбесі ортасына түскен сәтте іштегі кей адамдар шығып үлгермеген. Полицияның болжамы бойынша, өрт тоқтың тұйықталуынан шығуы мүмкін. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Тушар Павар, куәгер: 

- Дүкенде өрт таңғы сағат 4 кезінде пайда болды. Сыртта және іште жұмысшылар болған. Бірақ кенет ғимарат опырылып құлап, ішіндегі адамдардың көбі қаза тапты.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top