USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Трамп опиоидті контрабандалық жолмен әкелуге қарсы заңға қол қойды

  • 177
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Трамп опиоидті контрабандалық жолмен әкелуге қарсы заңға қол қойды Голос Америки

АҚШ президенті Дональд Трамп опиоид деп аталатын есірткіні контрабандалық жолмен әкелуге қарсы заңға қол қойды.

Бұл туралы ол Ақ үйде ел вице-президенті Майкл Пейн мен конгрестің 17 мүшесімен өткен жиында мәлім етті. Сондай-ақ АҚШ президенті ішкі қауіпсіздік министрлігіне фентанил деп аталатын опиоид түрімен күреске қаражат бөлуді тапсырды. Ресми дерек бойынша, 2016 жылы осы есірткіге тәуелді 20 мың американдық қайтыс болды. Қазір опиоид дағдарысы АҚШ денсаулық сақтау саласындағы негізгі түйткілдердің бірі. 2015 жылы опиоидке құмар адамның саны 2 миллионға жеткен. Опиоидтің құрамы морфинге ұқсас, бірақ анальгетикалық және седативті әсері әлдеқайда жоғары. Ол медицинада ауырсынуды басатын дәрі ретінде қолданылады. Бірақ оны көп қолданған адам препаратқа тәуелді болып қалады.

Дональд Трамп, АҚШ президенті: 

- Бұл есірткі түрі АҚШ-қа контрабандалық жолмен Мексика, Қытай және басқа да елдерден әкелінеді. Есірткімен айналысатындар тіпті біздің пошта қызметін пайдаланып келеді. Президент әкімшілігі опиоидке қарсы күрес жолында қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top