Ноттингемдегі теміржол вокзалы отқа оранды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Ноттингемдегі теміржол вокзалы отқа оранды

Ноттингемдегі теміржол вокзалы отқа оранды Фото: Рамблер/новости

Ұлыбританияның Ноттингем қаласындағы теміржол вокзалы отқа оранып, тілсіз жаумен 8 бригада күресіп жатыр.

Ғимараттағы барлық адамдар эвакуацияланған. Өрт таңғы 7 шамасында шыққан. Төтенше жағдайға байланысты вокзалдан қатынайтын барлық пойыздар жүрісі тоқтатылды. Әзірге жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Сондай-ақ оттың неден шыққаны да белгісіз. Ал шаһардағы бұл теміржол вокзалы 1904 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ескі ғимараттың жанына орналасқан.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде