USD 325.20 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Тайвань ғалымдары құбыжық балық ұстап алды

  • 349
  • Материалды бағалаңыз
    (1 Vote)
Тайвань ғалымдары құбыжық балық ұстап алды Фото: twitter.com/pattymo

Тайваньның балық аулау ғылыми-зерттеу институтының өкілдері 350 метр тереңдіктен құбыжық балық ұстап алды.

Бұл туралы Fox News хабарлады. Мұхит мекендеушілерінің бұл түрі 30 жыл бұрын ашылғанымен, әлі де зерттеле қоймаған.

Ғалымдардың айтуынша, өте тереңде мекен ететін бұл «құбыжық» – сирек кездесетін сұр жылан-акуланың (Trigonognathus kabeyai) бір түрі. Ал оны су бетіне шығарса, ол лезде өліп қалады. Бұған не себеп болатыны әлі күнге дейін жұмбақ, алайда биологтар бұған қан қысымының айырмасы себеп дейді.

Бұл балықтар 1986 жылы табылған, алайда олар жайлы тек 1990 жылы ғана суреттеліп айтылған. Құбыжық балықтарды Тынық мұхитында шомылып жүріп кезіктіру мүмкін емес, себебі олар су бетінің 150 метріне дейін ғана жақындап келе алады.

«Құбыжық» акуланың дене ұзындығы 50 сантиметрден аспайды. Ғалымдар бұл акулалар түнде олжасын жақсы көруі үшін сәуле шашады дейді. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top